2024 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Біздің автобустар 64 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады! Олардың жалпы «жүгірісі» 53 миллион шақырымнан асты. Қалалық бағыттар бойынша қозғалыс жүйелілігі 98,9% және қала маңындағы бағыттар бойынша — 94,1% құрады. Бұл өте жоғары көрсеткіш.
2025 жылы № 3 автопарк 50-ге жуық жаңа автобус сатып алуды, өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруді, өндірістік-техникалық базаны жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл ретте біз жолаушыларға қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартатын боламыз.